"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан филиалына 3 млн теңге айыппұл салынды

ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Түркістан филиалына 3 млн теңге айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2024 13:30 Сурет: Zakon.kz
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалына қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалына реттеліп көрсетілетін қызметтер мен тауарларды, жұмыстарды ұсынуға қол жеткізу бөлігінде әкімшілік іс қозғады.

Нәтижесінде, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалы Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жалпы сомасы 2 953 600 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Әкімшілік айыппұл заңнамада көзделген мерзімде мемлекеттік бюджетке өндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: