Ақша бопсалау күдігі бойынша "ҚазАвтоЖолдың" бірнеше қызметкері ұсталды – ҚР ҰҚК

Ақша бопсалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 18:47 Сурет: ҚР ҰҚК
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың Павлодар қаласы филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Транспорттық прокуратурамен бірге "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың Павлодар қаласы филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті.

Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

"Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: