Көкшетауда 1,5 жастағы бала терезеден құлап кетті

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2023 19:29 Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Полицейлерге терезеден баланың құлағаны туралы ақпаратты көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесінің медбикесі хабарлап айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауруханаға баланы ата-анасы жеткізген. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасының айтуы бойынша, кішкентай ашық терезенің москит торына сүйенген.

"Бала 4-қабаттан көгалға құлады. Бұл кезде баланың анасы ас үйде ыдыс жуып жүрсе, әкесі залда ұйықтап жатқан. Сырттағы адамдардың айқайын естігеннен кейін олар аулаға шығып, оқыс жайт салдарына куә болған. Олар бірден баласын аурухананың қабылдау бөліміне өз бетінше жеткізген". Ақмола облысының полиция департаменті

Қазір бала комада. Алдын ала қойылған диагноз - бас миының ауыр жарақаты, мидың ауыр жарақаты және бас сүйектерінің сынуы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: