Жаңалықтар тізбегі
0

Динара Зәкиева студенттің мүгедектігі бар балаларды қорлауы ісіне қатысты пікір білдірді

Динара Зәкиева студенттің мүгедектігі бар балаларды қорлауы ісіне қатысты пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 16:56 Сурет: Facebook/Dinara Zakiyeva
Медициналық оқу орны студентінің хоспис пациенттері мен мүгедектігі бар балаларды қорлау ісіне қатысты ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Іс бүгінде соңғы сатысында. Нәтижелері бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Сонымен қатар, күдіктінің адвокаты материалдармен бір ай бойы танысып жатыр. Бас прокуратурамен байланыстамын, іс менің бақылауымда. Меніңше, мұндай іс-әрекеттер заңның бар қатаңдығымен қарастырылуы керек", деп жазды Динара Зәкиева Facebook-тағы парақшасында. 

Айта кетсек, Астанада 22 жастағы студент хоспистегі егде жастағы науқастар мен оңалту орталығындағы аутизмі бар балаларды азаптады деген күдікке ілінген. Студентке қатысты тергеу осымен сегізінші айға созылуда. Жас жігіт ауыр науқастар мен балаларды мазақ етіп қана қоймай, бәрін камераға түсірген көрінеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: