Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқандардың біріне үкім шықты

Алматы, Қаңтар оқиғасы, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 19:28 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық сотында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты делінген азаматты айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды. Бұл жөнінде соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған  зорлық-зомбылық, ойран салу, қирату, мүліктің жойылуымен қатар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, биліктің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздіктерге немесе жаппай тәртіпсіздіктерге арандатуға шақыру баптары бойынша айып тағылған.

"Сот 2022 жылғы 5 қаңтарда М. ТЖ режиміне қарамастан Алматы қаласының аумағында зорлық-зомбылық, бүлік салу, өртеу, мүлікті қирату, жою, билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бұзу, басқа азаматтар мен ұйымдардың құқығы мен бостандығына нұқсан келтірумен қатар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқанын анықтады", – делінген хабарламада.

Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, М. басқа да қатысушылармен бірге полиция мен әскери қызметкерлердің шебін бұзған. Сонан соң ол көпшіліктің алдында сөз сөйлеп, халықты билік өкілдерінің заңды талабына бағынбауға шақырған, жеңіл көліктерді қиратып, полиция қызметкерлеріне тас лақтырған.

"Сот үкімімен М. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды және оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, рақымшылық жасау туралы заңды қолдана отырып, кесімді түрде 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді".Бостандық ауданы № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі

⠀Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2023 жылғы 21 шілде күні Талдықорғанда "қаңтар оқиғасына қатысқан күдіктіні азаптаған" уақытша ұстау изоляторының қызметкеріне үкім шықты. Тағы бір қызметкер осы қылмысты жасырғаны үшін жаза арқалады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: