Абай облысында полицейлер бөтен ер адамның баланың ізіне түсу фактісін тексерді
Бала өзін басында телпегі бар ақ жейдедегі белгісіз адам көшеден бастап подъезге дейін өкшелеп аңдып келгенін айтқан. Сұқ көзді байқаған бала қадамдарын жылдамдата бастағанда артындағы ер адам да тездете жүрген. Бала үйінің подъезіне жүгіріп кіріп, есікті жауып алып, белгісіз адамнан құтылған.
Ол орын алған жағдайды үйінде болған әпкесіне баяндап берген.
Абай облысының полицейлері дереу ер адамның жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар өткізді. Ол аталған ықшам ауданның 47 жастағы тұрғыны болып шығып, учаскелік полиция пунктіне жеткізіледі.
Жауап алу барысында ер адам заңсыз ештеңе жасамағандықтан, баланың қорыққанын білмегенін айтты.
Тексеру шараларын жүргізіп, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап шыққаннан кейін, полицейлер ер адамның іс-әрекетінен аңду фактісін байқамады.