Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада Хорватия елшісі қомақты ақшасын жоғалтып алған

Жоғалған ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2023 19:58 Сурет: pxhere
Елордалық полицейлер Қазақстандағы Хорватия елшісіне жоғалтқан ақшасын қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 тамызда полицияға Қазақстандағы Хорватияның tлшісі Рефик Шабанович көмекке жүгінген. Елорданың көпқабатты үйлерінің бірінде тұратын ол шетелдік валюталық қаражат салынған әмиянын жоғалтып алғанын айтып, көмек сұраған.

Затының жоғалғанын ол таңертең байқап, паркингке түсіп, өз бетінше іздеп көрген. Әмиянды тапқанда оның ішінде ақша болмаған. Бейнебақылау камераларын қарап шыққаннан кейін полицейлер елшінің жоғалған затын оның 52 жастағы көршісі тапқанын анықтады.

Әмияннан ақшаны алып, ол үйіне қарай бет алған. Пәтерінің алдында тәртіп сақшыларын көрген ер адам қаражатты бірден қайтарған. Ол ақшаны түнде тауып алғанын, оны полицияға таңертең тапсырмақ болғанын айтқан.

"Полицейлер үлкен жұмыс жасады. Мен бұл ақшаны демалысыма жинаған болатынмын. Атқарған жұмыстарыңыз үшін рақмет", – деді Рефик Шабанович.

Полиция ҚР Азаматтық кодексінің 245-бабы, "Олжа" бойынша біреудің ұмытып кеткен затын тауып алған азамат оны иесіне қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға міндетті, әйтпесе заттың иесі оны ұрлық жасады деп айыптауы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: