Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қылмыстық топ құрықталды. Ұсталған сәтте олар есірткілік масаң күйде болған

Есірткімен күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 18:32 Сурет: видеодан алынды
Алматыда марихуана мен гашишті аса ірі мөлшерде өсірумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тұсау салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында есірткі бар өсімдіктерді еліміздің оңтүстік астанасы мен оған жақын аудандарда өсіруді және өткізуді бір жолға қойған. Қылмыстық әрекеттерді бақылау және тіркеу полицейлер үшін қиынға соқты. Себебі есірткі тексеруден өткен тапсырыс берушілерге ғана жеткізілген. 

Арнайы құрылған жедел-тергеу топтары Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында 14 адамды ұстады. Бір уақытта қызметтік-іздестіру иттерін тарта отырып, тінту жүргізілді. Әр үйде есірткі заттары табылып, тәркіленді.

"Алматы облысының Бәйтерек кетінде ұсталғандардың біріне тиесілі жеке үйді тінту кезінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты шамдар орнатылған қосалқы үй-жай табылды. 32 қарасора бұтасы тәркіленді. Екінші зертхана Алматыдағы жеке үйдің жертөлесінде анықталды. Ол жерден құрамында есірткі бар қарасора бұталары, тұқымдар, кептірілген марихуана салынған орамалар және өсімдіктерді өсіруге арналған жабдықтар тәркіленді. Ұсталған сәтте қылмыстық топтың мүшелерінің барлығы есірткілік масаң күйде болған". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 40 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Қылмыстық іске заттай дәлел ретінде тәркіленген қарасора тұқымы, оны өсіруге арналған жабдық, ұлттық және шетел валютасындағы қаражат, қылмысқа пайдаланылған ұялы телефондар да қоса тіркелді.

"Есірткі бизнесіне қатысушылар есірткіні өсіру мен заңсыз айналымынан басқа ҚР ҚК-нің 262-бабы “Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу” бойынша тергелетін болады. Жаза мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді", – деп хабарлады ІІМ.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: