Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда аялдама маңынан ер адамның денесі табылды

Қарағандыда ер адамның денесі табылды, найзағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2023 20:56 Сурет: unsplash
Қарағандыда бүгін, 2023 жылы 10 тамызда кешке аялдамадан ер адамның денесі табылды. Облыстық полиция департаменті Zakon.kz-ға ер адамның өлімінің мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.
"Бүгін кешке біздің блог оқырманы Қарағандыдағы "Көк тоған" аялдамасында ер адамды найзағай соғып, мерт қылғаны туралы хабарлады. Оқырман Майқұдық ықшам ауданының полицейлері марқұмның туыстарын іздестіріп жатқанын айтады. Жігіттің жанында телефоны болған, бірақ ол қосылмай қойыпты, өйткені найзағай смартфонға зақым келтірген. Біз барлық мәліметтерді анықтайтын боламыз", делінген Instagram-дағы Denski_blog public парақшасында.


Облыстық полиция Zakon.kz-ға адам денесін табу фактісін растап, бірақ ер адамның өлімінің себебін атамады. 

"Көшеден ер адамның денесін табу фактісін полиция тіркеді. 1977 жылғы ер адамның жеке басы анықталды, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалдып, мән-жайлар анықталу үстінде". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Астана мен Алматыдан кейін Қарағанды да нөсер жаңбыр суы басқандығы хабарланған болатын. Қарағандылықтар су басқан көшелердің видеосымен желіде бөлісті. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: