Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік: прокуратура қаза тапқан 4 жасар қыздың әкесіне жауап берді

Сот отырысы, Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік, Айкөркем Меделхан, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2023 18:37 Сурет: Zakon.kz
Алматы гарнизонының әскери соты кәмелетке толмаған Айкөркем Мелдеханның өліміне әкеліп соққан билікті асыра пайдаланды (ҚР ҚК 1-тармағының 451-бабы 2-бөлігі) деген айыппен әскери қызметші А.И.Жұманға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот процесі іс материалдарында жариялауға жатпайтын құпия құжаттардың болуына байланысты жабық режимде өтуде.

"Бүгін қайтыс болған Айкөркемнің әкесі - Айдос Мелдехан БАҚ өкілдеріне мемлекеттік құпияларға рұқсаттың болмауына байланысты сот процесіне өзінің қатыстырылмағанын айтты. Айдос Мелдеханға мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу бірнеше рет, оның ішінде 2023 жылы 19 шілдеде Бас әскери прокуратура басшылығымен жеке қабылдауда ұсынылғанын мәлімдейміз. Алайда ол оны рәсімдеуден және арнайы тексеруден өтуден бас тартты. Бұл туралы қылмыстық іс материалдарында тіркелген өз қолымен жазған оның арызы куәландырады". Бас әскери прокуратура

Құзырлы ведомство мемлекеттік құпиялары бар барлық қылмыстық іс бойынша рұқсатты рәсімдеу міндетті талап болып табылатынын баса атап өтті.     

"Бұл ретте, адвокат пен қаза тапқан Айкөркемнің туған ағасы – Мелдеханов Бауыржанға 2023 жылы сәуір және маусым  айларында мемлекеттік құпияларға, тиісінше қылмыстық істің барлық материалдарына рұқсат берілді. Жәбірленушілердің құқықтарының сақталуын олардың мүдделерін білдіретін кәсіби адвокат қамтамасыз ететінін атап өтеміз. Сонымен қатар, көрінеу жалған мәліметтерді тарату заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтыратынын түсіндіреміз", делінген хабарламада.      

Прокуратурадағылар азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. 



Төрт жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты сот процесі шілде айының соңында басталған. Қылмыстық істі қарау барысы Бас әскери прокуратураның бақылауында. Ведомство бұдан бұрын іс материалдарында жария етуге жатпайтын құпия құжаттар бар екенін айтқан еді.

Төрт жасар Айкөркем мен 15 жастағы Жанель Мелдехан отырған көлікке 2022 жылдың 7 қаңтарында сағат 19:00-де Сейфуллин мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында бірнеше рет оқ атылды. Айкөркем сол жерде көз жұмды, әпкесі оқтан жарақат алды. Іс бойынша сотталушы – әскери қызметкер.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: