Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда екі студент қыз 10 жылға сотталуы мүмкін

Сот отырысы, Қостанай, екі студент қыз, есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 21:19 Сурет: Zakon.kz
Қостанайда ауыр қылмыс жасады деп айыпталған колледжде оқитын екі студент қыздың ісі сотта қарала бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айыптау актісіне сәйкес, төрт ай ішінде Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің 3-курс студенттері болып табылатын 19 жастағы екі қыз психотроптық заттарды сатып алып, тасымалдап, сақтап және сатқан.

"Олар тек Қостанайда ғана емес, Петропавлда да жұмыс істеген. Қаңтар айында ұсталған қыздар есірткі заттарын тұрғын үй подъезіне, пошта жәшігіне және тағы басқа жасырын орындарға қойып кету арқылы есірткі таратқан. Оларды қашықтан "кураторлары" басқарып отырған", делінген "Алау" басылымында. 

Ұстау кезінде студенттердің жанынан ішінде ұнтағы бар 50 орам, ал олардың жалдамалы пәтерінде 192 грамм синтетикалық мефедрон есірткісі табылып, тәркіленді, бұл - өте үлкен көлем. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Ең аз дегенде қос бойжеткен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: