Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында екі ер адам лото-клубтың 19 жастағы күзетшісін сабап кеткен

Полиция, Ақмола облысы, лото-клуб, бұзақылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 01:09 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында екі ер адам лото-клубтың күзетшісіне дене жарақатын келтірді. Жанжалдың шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атбасар ауданының полиция бөліміне "Лото-Клуб" қауіпсіздік қызметінің қызметкерінен мекемеде жасалған бұзақылық фактісі туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Жәбірленушінің берген айғақтарына сәйкес, 5 қыркүйекте түнде екі танысы оған дене жарақатын салған. Салдарынан 19 жастағы жәбірленуші миы шайқалып, беті ісіген. 

"Осы факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі - "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатыстылығы тексерілетін тұлғалар анықталды", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округінің әкімі Құрман Табиғат ер адамды ұрып-соқты деген айыпқа іліккені хабарланған

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: