Динара Зәкиева балалар зорлығына қатысты қатаң шараларды жариялады
Ол бұл құжат Бас прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңес аясында ұсынылғанын түсіндірді.
"Қыркүйек айында заң жобасын ҮЕҰ-мен, жұртшылықпен түрлі сайттарда талқыланып, кейін оны үкіметтің қорытындысына, сараптамаға жолдау жоспарланып отыр. ҚР парламенті мәжілісінің жұмыс топтарында да талқыланады. Біз барлық мүдделі сарапшыларды және қоғамдық ұйымдарды талқылауға шақырамыз. Өтінішті тікелей маған жеке жіберуіңізді сұраймын".Динара Зәкиева
Қорытындылай келе, Зәкиева заң жобасының негізгі ережелерін (4 Кодексте және 10 заңда барлығы 55 позиция) жариялады.
Заң жобасы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жазаны күшейтуді қарастырады:
- жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар;
- терезелерден құлау;
- қорқыту;
- балалар инфрақұрылымы мен ауласының қауіпсіздігі;
- балалар мекемелерін лицензиялау;
- жүйені, отбасын қолдау инфрақұрылымын шоғырландыру шаралары;
- отбасылар, әйелдер мен балалар үшін бірыңғай байланыс орталығын/анықтама телефонын құруға бағытталған шаралар;
- білім беру ұйымдарында балаларға психология жағынан қолдау орталықтарын ашу және тағы басқа.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев: "Мемлекет басшысы ретінде мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны күшейтуді талап етемін", - деді.
Оның айтуынша, жол инфрақұрылымының, ғимараттардың, балалардың киім-кешек, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне баса назар аудару қажет. Кейінірек Балалар омбудсмені мемлекет басшысының Жолдауына түсініктеме беріп, Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізуді ұсынды.