Алматыда заңсыз жүрген кәмелетке толмаған тәжік балалары ұсталды

Тәжік балалары, Алматы, көші-қон, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2023 00:55 Сурет: polisia.kz
Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, Алатау ауданында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 39 шетелдік анықталды, оның 36-сы Тәжікстан азаматы, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ұсталғандардың 18-і - 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Олар тиісті шара қолдану үшін аудандық ПБ-ның ювеналды полиция бөліміне жіберілді. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер ПД-ның қабылдап-тарату орнына орналастырылды". Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов

Алматыда осы күндері "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Оның мақсаты – шетел азаматтарының қылмыс жасауының алдын алу. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: