Астанада дәмхана маңындағы төбелес кезінде оқ атқан ер адам ұсталды

Күдікті ұсталды, Астанада, дәмхана, оқ ату, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2023 14:11 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Елордада дәмхана маңында жанжал кезінде қару қолданған 31 жастағы ер адамды анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол есірткі сатып, қару қолданды деген айыппен қамауға алынды.

"Елордадағы дәмхана маңында жанжал кезінде қару қолданған 31 жастағы ер адамды анықталды. Сараптамаға сәйкес, оның қолындағы қару газ-травматикалық калибрлі 45 RUBBER, МП-80-13Т тапанша екені анықталды". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Сондай-ақ 38 жастағы елорда тұрғынына тиесілі ВАЗ-2115 автокөлігінің салонын тексеру барысында полиэтилен пакеттерге оралған 435 дана көлемінде мефедрон есірткісінің ірі партиясы тәркіленді.

Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Оның ішінде сот-химиялық сараптамалар да бар. Есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы қылмыстарға қатысы бар екі адам да УҰИ-ға қамалды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: