Ақтөбе облысында жеңіл көлік аударылып, салдарынан бес айлық сәби мерт болды

Жол апаты, Ақтөбе облысы, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 18:05 Сурет: видеодан алынды
Ақтөбе облысында жеңіл көлік жол апатына ұшырап, бес айлық қыз бала мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай-ақ көліктегі ана мен ұл бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты 11 қыркүйекте сағат 07:00-де Мұғалжар ауданы Сағашили аулының маңында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 127-ші шақырымында болған.

28 жастағы Kia-Ceed автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тас жолдың шетіне ұшып кетіп аударылған. Көлік салонында жүргізушінің отбасы болған.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: