Павлодарда жылу трассасына соғылған жеңіл көліктің жүргізушісі мерт болды
Сурет: Zakon.kz
Павлодарда жеңіл көлік жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
14 қыркүйекте сағат 00:30 шамасында Центральная көшесі бойында "Металлург" бау-бақша шаруашылығына қарама-қарсысында жол апаты орын алды.
"Toyota Camry 40 маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жылу трассасының бетон тірегіне соғылған. Көлік жүргізушісі алған ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды".Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция көлікті арнайы айып тұрағына қойып, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын нақтылайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript