Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептегі қорлық: Алматы облысында төртінші сынып оқушысы көп дәрі ішіп қойды

Дәрі, суицид, Алматы облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 20:22 Сурет: pixabay
Оқыс оқиға Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында орын алды. Бала артына хат жазып қалдырып, көп аспирин түйірін ішіп, төсекке жатып қалған. Ауыр халдегі баласының үстінен түскен анасы бірден жедел жәрдем шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасы кәмелетке толмаған бала үйде болған кезде "Ацетилсалицил қышқылы" болуы ықтимал дәрінің 10-ға жуық түйірін ішіп қойғанын растады.

"11 қыркүйекте Талғар аудандық ПБ-ға 2013 жылғы кәмелетке толмаған ұл баланың дәрі-дәрмектен улану фактісі бойынша азамат Б. арызданды. Бұл факт ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша Талғар ауданының ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеу үшін сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Аталған шаралардың нәтижелері бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Талғар ауданы ПБ .

Видеода кәмелетке толмаған баланың әжесі немересін өзге оқушылар мектеп дәретханасына кіргізіп алып, шашын қырқып, көйлегін жыртып қорлағанын айтады. 

 Сонымен қатар автор видео сипаттамасында мектеп әкімшілігі баланың анасынан болған жайтты БАҚ-қа жеткізбеуге сұрағанын жазады. Себебі бұл оқу орнының беделіне нұқсан келтіреді-мыс. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: