Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысында бірқатар балалар мекемесінен бұзушылықтар анықталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 20:40 Фото: zakon.kz
Балабақша, балалар лагері және мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемеден бірқатар бұзушылықтар анықталды. Жетісу облысы прокуратурасы тексеріс нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жансая" жазғы лагері (Алакөл ауданы) өз қызметін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың қорытындысынсыз жүзеге асырғаны анықталды. Ал мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін "Сенім" мекемесінде (Сарқан ауданы) оқытушы ретінде еңбек қызметін жалған дипломы бар адам атқарған.

"Прокуратура материалдары бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (көрінеу жалған құжатты пайдалану). Басқа да бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда жекелеген балалар мекемелерінде мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды, балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған (мәзірде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар жоқ)", деп хабарлайды Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Барлық дерлік мекемелерде техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды. Барлық бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: