Жетісу облысының денсаулық сақтау саласында өрескел бұзушылықтар анықталды

Дәрігер, Жетісу облысы, денсаулық сақтау саласы, өрескел бұзушылықтар, прокуратура, тексеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2025 10:51 Сурет: freepik
Жетісу облысында лицензиясы мен арнайы сертификаттарынсыз жұмыс істеп жатқан денсаулық мекемелері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаратал ауданының прокуратурасы Жетісу облысының денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет (көмек) көрсету саласында өрескел бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы 2025 жылы 22 қарашада ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру нәтижелері бірқатар тиісті маман сертификатсыз пациенттерге қызмет көрсеткенін, ал кейбір медициналық ұйымның лицензиясы жоқ болғанын көрсетті.

Аудандық прокуратураның қадағалау актілері бойынша, ӘҚБтК-нің 424-баптың 1-бөлігі, 426-баптың 1-бөлігі және 464-баптың 1-бөлігі бойынша 20 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде үш басшыға, яғни орталық аудандық аурухананың бас дәрігері және оның орынбасарларына 4 049 960 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

"Сонымен қатар, тексеру аясында 4 жауапты тұлға (ауылдық аурухана басшылары) медицина қызметкерлерінің халықты вакцинациялау ережелерін бұзғандықтары үшін ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 157 280 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды", делінген хабарламада.

Осы тексеру нәтижесінде 148 адамның құқығы қорғалды, оның 100-ден астамы - кәмелетке толмаған балалар.

Қадағалау актісі бойынша бюджетке 12,8 млн теңге қайтарылды.

2025 жылы 21 қарашада Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі жеке процедуралық кабинеттерді тексерісі нәтижелерін жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: