Жаңалықтар тізбегі
0

Бір топ шымкенттікті зар илеткен кибераферистер іздестірілуде

Кибераферист, халықаралық іздеу жарияланды, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 18:37 Сурет: unsplash
Алматы, Ақтөбе, Тараз қаласының 31,36,37 жастағы тұрғындары шымкенттік 30 адамды алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 50 миллион теңгеге жуық, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алиса Аманова, Элина Хамидова және Рамис Расимов есімді азаматтарға 2023  жылдың шілде айында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша халықаралық іздеу жарияланған", делінген полиция хабарламасында. 


Кибераферистер, халықаралық іздеу, Шымкент, алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 18:37

Сурет: polisia.kz


Олар көлік сату сайтында орналасқан басқа біреудің хабарландыруын көшіріп алып, оны төмен бағада жарнамалаған. Қоңырау шалған клиентпен кездесуге келіскен. Келесі кезекте олар клиенттің атын жамылып, көлік иесіне телефон соғып, онымен де кездесуге келіседі.

"Қаскүнемдер екі тарапқа да көлікті көруге және көрсетуге туысы келетінін, ақша жөніндегі мәселелерді онымен телефон арқылы шешу керектігін ескерткен. Осылайша олар нағыз сатушы мен сатып алушыны бетпе-бет жүздестірген соң, соңғысына қайта қоңырау шалып, ақшаны өз есепшоттарына аудартып алып отырған. Егер суретте көрсетілген азаматтарды көрген-білгендер болса немесе қандай да бір ақпарат білсеңіздер полицияның 102 арнасына және 8-7252- 97-66-10 нөміріне хабар беруді сұраймыз". Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: