Жаңалықтар тізбегі
0

Қос азаматтығы бар ресейлік 690 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады

Қос азаматтық, ресейлік, айыппұл, Көліктегі полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 19:49 Сурет: polisia.kz
Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп Кисловодск – Тында бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру барысында құқық бұзушыны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция мәліметінше, Ресей Федерациясының 72 жастағы азаматы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзды.

"Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) , яғни ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Сот шешімімен ер адам 200 АЕК (690 000 тг) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1307 шетелдік азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде сот шешімі бойынша 275 шетелдік елден тысқары шығарылды. Қос азаматтығы бар 159 тұлға анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: