Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан аумағы арқылы есірткі тасымалдаған Үндістан азаматы ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 11:14 Сурет: ҚР ІІМ
Алматы – Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде Қазақстанның көлік полицейлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп есірткі заттарын сақтады деген күдікпен жолаушылардың бірін ұстады.

Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев айтты.

Тексеру барысында 36 жастағы Үндістан азаматы Біріккен Араб Әмірліктері – Қазақстан – Өзбекстан бағыты бойынша жолға шыққаны анықталды. Күдікті БАӘ-ден Алматы қаласына ұшып келіп, жолаушылар пойызымен Ташкент қаласына бет алған.

"Тексеру барысында шетелдік азаматтың сөмкесінен гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта құқық бұзушы Арыс қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды. Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған", – деді Б.Малыбаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: