Абай облысында пойызда шетелдік азаматтан есірткі табылды

Иісшіл ит, есірткі, Абай облысы, Новосібір-Бішкек, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 18:17 Сурет: pixabay
Көлік полицейлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Абай облысының Ауыл станциясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Новосібір – Бішкек бағытындағы жолаушылар пойызында 28 жастағы шетелдік азаматты анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметтік-іздестіру иті осы жолаушыға белгі беріп, жеке тінту кезінде одан марихуана табылды.

Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Сот шешімімен күдіктіге 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: