Елордадағы тергеу изоляторында Республика күні атап өтілді
Елордалық ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған іс-шара шеңберінде шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары арасында өлең шығару, вокалдық нөмірлер және концерттік бағдарлама, сондай-ақ "Республика күніне" арналған қабырға газеттері мен суреттер конкурсы өткізілді.
"Нағыз патриотизм адамдардың өз еліне, өз халқына деген оның іс-әрекеттерінде көрінеді. Отанға деген шынайы сүйіспеншілікке толы сотталғандардың өлеңдерін тыңдау соншалықты таңқаларлық және жағымды әсер береді. Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандарды мәдениеттілікке, моральдық қасиеттерге және рухани дамытуға арналған тәрбие жұмысының бір бөлігі болып табылады", - деді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Жақышев Марат.
Арнайы контингент арасындағы әлеументтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет лейтенанты Амизов Нұрсұлтан үшін мұндай іс-шаралар күнделікті жұмыстың бір бөлігі болып табылады, бірақ бүгінгі күнгі іс-шараға деген шынайы қуанышын жасырмады.
"Поэтикалық құттықтаулар жарияланған кезде оған қатысушылар көп болады деп күткен жоқпын. Шаруашылық қызмет көрсету жасағында жазасын өтеп жатқан 45 сотталушының 10-ы өз өлеңдерін ұсынды. Белгілі бір дәрежеде біздің жұмысымыздың тиімділігінің бұл бір көрсеткіші деп ойлаймын. Бұл дегеніміз, біз сотталғандарға өзін-өзі тануға, өмірдегі өз орнын табуға, түзу жолға түсуге көмектесе алатынымыздың тағы бір көрінісі", - дейді ол.
Кәсіби тұрғыдан алғанда, мұндай іс-шаралар шаруашылық қызмет көрсету жасағындағы сотталғандардың моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту үшін қажет, осы іс-шара арқылы тағы да дәлелденді.
"Шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандардың көзінде жылт еткен ұшқынды байқадым, осыдан-ақ біздің жұмысымыз өз жемісін беретінін түсіндім. Сотталғандар біраз уақыт күнделікті іс-әркетінен, ойларынан алшақтай алды", - деді психологиялық қамтамасыз ету тобының инспектор-психологы әділет аға лейтенанты Макашева Ақмарал.