Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналықтар мемлекеттен қолдау шаралары туралы кеңес ала алады

Астаналықтар мемлекеттен қолдау шаралары туралы кеңес ала алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 15:18 Сурет: Астана әкімдігі
Астанада "Баршаға мүмкіндік" модульдік пунктерінде тұрғындар мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"JOLTAP" әлеуметтік жобасы мемлекеттік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек, бизнес ашу үшін өтініш беру, оқыту, жұмыс іздеу бойынша кеңес беру мүмкіндігін ұсынады. Жоба елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады және тілек білдірушілер үшін қолжетімді.

Жобаға барлығы қатыса алады. "JOLTAP" жобасының мақсаты – халықтың табысын арттыру үшін мүмкіндіктерді таңдауға көмектесу және жол көрсету.

Консультациялар күн сайын "Баршаға мүмкіндік" модульдік пунктерінде мына мекенжайлар бойынша жүргізіледі:

  • "Ailand", Қорғалжын тас жолы, 2;
  • "Magnum" супермаркеті, Еділ көшесі, 26;
  • "Жастар" сарайы, Республика даңғылы, 34;
  • "Тұлпар" СО, Ш. Уәлиханов көшесі, 24;
  • "Euromall" СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 23;
  • "Встреча" СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;
  • "Mechta" СҮ, Сығанақ көшесі, 3;
  • "Asia Park" СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21;
  • "Саянұр" базары, Тілендиев даңғылы, 24/5;
  • "Big Шанхай" базары, Алаш тас жолы, 32а.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: