Жаңалықтар тізбегі
0

ЖОО-ның үздік түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Мемлекеттік қызмет туралы заң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2023 13:49 Сурет: senate.parlam.kz
Үздік университет түлектері кейбір мемлекеттік лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналасуға мүмкіндік алады. "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға осындай өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біріншіден, мемлекеттік грант есебінен оқуын ойдағыдай аяқтаған ЖОО үздік түлектері конкурстық іріктеуден өтпей-ақ аудандар мен ауылдардағы төменгі қызметтерге орналаса алады. Бқл жөнінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мәлімдеді.

"Бұл мемлекеттік қызметке білікті жастарды тартуға, жас мамандардың аудандар мен ауылдық жерлерге оралуын ынталандыруға, сондай-ақ өңірлердегі кәсіби кадрлар тапшылығын азайтуға, мемлекеттік қызметке келу үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік береді". Дархан Жазықбаев

"Б" корпусының жоғары лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау үшін уәкілетті орган келісім беру қажет, деп атап өтті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы.

"Елорданы қоспағанда, жергілікті органдарға жекелеген лауазымдарға Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жоғары үлгерімін көрсеткен түлектері оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндігі қарастырылды", – деді Жазықбаев.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтен кету тәртібі жеңілдетілді. Екі тоқсан қатарынан қанағаттанарлықсыз баға алған мемлекеттік қызметшілер лауазымы төмендетіледі, ал бос төменгі лауазым болмаған жағдайда олар атқаратын қызметтерінен босатылады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: