Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мемлекеттік басқару моделін өзгертуді жоспарлап отыр

заң жобасы өзгереді, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 10:39 Сурет: Zakon.kz
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, келесі түзетулер жоспарлануда:

  • мемлекеттік қызметшілерді ротациялау механизмін жетілдіру;

  • орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың аппарат басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін белгілеу;

  • мемлекеттiк қызметшiнiң жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды және қызмет этикасының өзге де стандарттарын сақтау мiндетiн енгiзу;

  • мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс уақытын қысқарту;

  • келісімшарт бойынша қызметкерлер институтын енгізу;

  • мемлекеттік органдарға әлеуметтік желілерде бос орындар туралы хабарландырулар жариялау мүмкіндігі беріледі.

Құжат авторлары атап өткендей, мемлекет пен халықтың өзара іс-қимылының әкімшілік-бақылау нысанына негізделген мемлекеттік басқарудың қазіргі моделі халықтың үмітін толық қанағаттандырмайды.

Нәтижесінде азаматтар мен олардың әл-ауқаты басты құндылықтар болып табылатын мемлекеттік басқарудың сервистік және «адамға бағытталған» моделін қалыптастыру қажеттілігі туындады.

Пандемия кезіндегі мемлекеттік органдардың жұмысы мемлекеттік аппараттың ұтқырлығын арттыру қажет екенін көрсетті.

Заң жобасы шілдеде Әділет министрлігіне, тамызда үкіметке, қазан айында Парламентке ұсынылады деп күтілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: