Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда заңсыз салынып жатқан қонақ үй нысаны сүрілді

Заңсыз құрылыс, Ақтау, қонақ үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 19:09 Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтауда 6 қарашада № 9 өндірістік аймақтағы № 39/7 учаскеде орналасқан заңсыз салынып жатқан қонақ үй құрылысы бұзылды. Нысан құрылыс процесінің негізгі талаптарын сақтамай және жобалау-сметалық құжаттамасынсыз, қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру барысында бұл нысанның заңсыз салынып жатқанын анықтады. Осыған байланысты құрылыс салушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316-бабының 1-бөлігіне, 321-бабының 1-бөлігіне және 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, оған құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтату туралы нұсқама берілді.

Алайда кәсіпкер тарапынан бұл нұсқаулар еленбеді. Осыған байланысты Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы ҚР Азаматтық кодексінің 244-бабына сәйкес өз бетінше салынған заңсыз құрылыс объектісін мәжбүрлеп бұзу туралы талап арыз беріп, ол сот шешімімен қанағаттандырылды.

"Заңсыз құрылыстарға қарсы күрес мақсатында сот істері жүргізілуде. Соның нәтижесінде 29 құрылыс заңсыз деп танылып, сот оның 28-ін бұзу туралы шешім шығарды. Жұмыс жобасынсыз және сараптаманың оң қорытындысын алмай салынған ғимараттардың бірі сот шешімімен 30 қазанда бұзылды. Қонақ үй құрылысы бекітілген жұмыс жобасынсыз, сараптаманың оң қорытындысы алынбай салынған. Сонымен қатар, техникалық қадағалау және авторлық қадағалау жүргізілмеген", - деді қала құрылысын бақылау бөлімінің басшысы Нұрбол Жоланбеков.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: