Алматы облысында заңсыз салынған нысан сүрілді

Заңсыз нысан, сүрілді, Алматы облысы, Бәйдібек би ауылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 22:34 Сурет: Алматы облысы әкімдігі
Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылындағы Байболов көшесіндегі заңсыз салынған нысан бұзылды. Меншік иесі нысанды салу бойынша рұқсат қағазсыз тұрғызған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен басқарманың талап арызы қанағаттандырылды.

"Бұрын меншік иесіне өз еркімен бұзу туралы хабарлама берілген. Меншік иесінің тарапынан сот шешіміне сәйкес әрекет болмағандықтан, сот шешімін орындау мақсатында меншік иесінің мүлкін бұзуды сот орындаушылар жүргізді", делінген хабарламада.

Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз құрылыстарға бақылау күшейтілді, атап айтқанда 4 коммерциялық нысанның сүрілуіне әкеліп соқтырған. Бүгінгі таңда заңсыз салынған 7 ғимараттың барлық қажетті құжаттары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданғанын ерекше атап өтеміз. Сондай-ақ, Бәйдібек би ауылында тағы екі нысанды бұзу жоспарлануда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: