Астанадағы мектептердің бірінде мұғалімдерге екі ай бойы жалақы төленбеген
Сурет: Zakon.kz
Прокуратураның араласуынан кейін ғана Астанадағы мектептердің бірінің қызметкерлеріне жалақы төленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық прокуратураның мәлімдеуінше, Астана қаласы "Есіл" ауданының прокуратурасы талдау барысында мектептің 133 мұғалімі мен жұмыскерлерінің еңбек құқығы бұзылғанын анықтады.
"2 ай бойы оларға жалақы төленбеген, бұл олардың Конституциямен кепілдендірілген құқықтарының бұзылуына әкелді".Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, енгізілген қадағалау актісінің нәтижелері бойынша мектеп қызметкерлеріне 41 млн теңгеден астам жалақы төленді, жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript