Ақтөбе облысында жүк көлігі тоналды

Жүк көлігі, Ақтөбе облысы, ұрылар, тонау, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2023 13:08 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Ақтөбе облысында 10 қараша түнде белгісіз адамдар есіктің құлпын бұзу арқылы VOLVO жүк көлігінің тіркемесіне кіріп, әрқайсысы 16 келі болатын 23 қораптағы құс етін жасырын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автокөлік Байғанин ауданы Ноғайты аулынан 1 км қашықтықта Астрахань-Ақтөбе автожолының жиегінде тұрған. Жүргізуші таңертең оянған кезде ғана тауардың жоғалғанын білген.

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері осы ұрлықты ашу бойынша іс-шаралар жүргізу барысында Батыс Қазақстан облысының 42 жастағы тұрғыны басқарған VOLSWAGEN SHARAN автокөлігін тоқтатты. Көліктің салонында полицейлер ұрланған құс етінің қораптарын тәркіледі.

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ

ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: