Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында шетел азаматына пышақ жарақатын салған күдіктілер қолға түсті

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 17:36 Сурет: ҚР ІІМ
3 қазан Байғанин ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімінің "102" телефонына Volvo FH 440 жүк көлігінің жүргізушісіне белгісіз адамдар пышақ жарақатын салып, көлікке тиелген тұрмыстық техниканы ашық түрде ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберіліп, қолға түсіру жоспары енгізілді. Келген полиция жасағы екі белгісіз адамның жүк көлігінің тіркемесін кесіп, 10 дана шаңсорғышты ашық түрде ұрлап, жүкті тасымалдаған Қырғызстан Республикасының азаматына бір рет пышақ салғанын анықтады.

Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері қабылданған шаралардың нәтижесінде 29 және 30 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жері мен автокөлігінен ұрланған тұрмыстық техника тәркіленді. Зардап шеккен жүргізуші аудандық ауруханаға жатқызылды

Қарақшылық шабуыл фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігімен (Қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың бірі уақытша үстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: