Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда алаяқтық жасады деген күдікті Германиядан экстрадицияланды

Экстрадициялау, күдікті, алаяқ, Германия, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2023 12:25 Сурет: видеодан алынды
18 қарашада Германия Федеративтік Республикасынан еліміздегі букмекерлік кеңселердің бірінің қызметіне байланысты қылмыстық топқа қатысқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматшасы Д. экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктіні экстрадициялауды ҚР Бас прокуратурасы мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Интерполдың көмегімен жүзеге асырды.

"Ол 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарды өткізуге, салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтаруға, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысқаны үшін күдікке ілінген. Аталған құқыққа қайшы әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 86,7 миллиард теңгеден астам шығын келтірілді. Осыған байланысты оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және оған халықаралық іздестіру жарияланды. 2023 жылы мамыр айында ол Германия аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды". ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Айып тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеу, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені де нақтыланады.


"Іздеуде жүрген адамды экстрадициялау германдық құзыретті органдармен тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды. Бұдан басқа, Германиямен ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, ағымдағы жылы осы елден Қазақстанға адам өлтіру және есірткі саудасы бойынша күдікті тағы 2 адам экстрадицияланды", делінген хабарламада.

Өз кезегінде, Германия тарапына қорқытып алу және зорлау қылмыстарын жасағаны үшін  іздеуде жүрген 2 адам ұстап берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: