Мәжіліс депутаттары Астанадағы колониялардың бірінде болды
Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, депутаттарға жаңадан келген сотталғандар ұсталатын карантиндік бөлімше, жаңа тұрғын блоктар салу, отрядтардың тұрғын үй-жайлары көрсетілді.
Сондай-ақ, қонақтарға сотталғандар шығаратын өнімдер көрсетілген, атап айтқанда, ағаш бұйымдар, аяқ-киім, металл конструкциялар. Депутаттар сотталғандардың жұмыс орындары - тігін, аяқ-кимі цехтарымен және наубайханамен танысты.

Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Бұдан кейін халық қалаулылары сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оның барысында ұстау шарттарына шағымдар мен өтініштер түспегені де нақтыланады.
Өз кезегінде мекеме басшылығы мекеме қызметкерлері үшін баспананың болмауы, ғимараттар мен жабдықтардың ескіруі сияқты проблемалық мәселелерді алға тартты.

