Астанада сотталушы түрмеде қылмыс жасап, үстіне тағы бір бап "жамап" алды

Түрме, Астана, есірткі, ҚАЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 20:43 Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Астана қаласы бойынша ҚАЖД ведомстволық мекемелермен және өзге де жедел-тергеу бөлімшелерімен бірлесе отырып, мекемелерде ұстаудың тиісті режимін қамтамасыз ету, тыйым салынған заттар мен заттарды жеткізу арналарының жолын кесу жөніндегі іс-шаралар жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осы мақсатта Астана қаласы бойынша ҚАЖД-ның үйлестіруімен № 3 мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлерімен, Астана қаласы ПД ЕҚҚІБ өзара әрекеттесумен іс-шаралар кешенін өткізу барысында мекеме аумағына салмағы 12,08 грамм болатын "гашиш" есірткі затының жеткізу арнасы анықталып, жолы кесілді. Осы қылмыс жасады деген күдікпен бір сотталған ұсталды, оған қатысты бұлтартпау шарасы – "қамауда ұстау" қолданылды, оған қатысты  тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде". Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Айта кетсек, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігі, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу, ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттері үшін  күдіктінің мүлкi тәркiленiп, 6 жылдан он 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: