Маңғыстау облысында бала сату дерегі әшкереленді
Сурет: видеодан алынды
Маңғыстау облысында бала сатты деген күдікпен 42 жастағы әйел ұсталды. Сондай-ақ, тінту кезінде әйелдің үйінде есірткі сақтағаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бала саудасының фактісі анықталды.
"Бұл факт ҚР ҚК-нің 135-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы, "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша тіркелді. Сондай-ақ, әйелдің үйінде есірткі сақтағаны анықталды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі, "Есірткі, психотроптық заттарды, олардың баламасын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" бойынша тіркелген, - деп хабарлады құзырлы ведомство.
Осыған ұқсас оқиға өткен айда Алматы облысында да болған. Полиция әлі туылмаған баланы сатуға тырысқан көрші республиканың 24 жастағы азаматын анықтады.
2023 жылы 29 қыркүйекте Ақтөбеде анасы үш апталық қызын шайхана қызметкерінің біріне "бірнеше минутқа қарай тұр" деп қалдырып қашып кеткен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript