Ақмола облысында жүк пойызы жеті жылқыны жапырып өтті

Жүк пойызы, Ақмола облысы, жылқыны соқты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 19:43 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда бірнеше күн ішінде 10 жылқыны жүк пойыз қаққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 2 желтоқсанда Ақмола облысы Қырықыншы-Сарыоба станцияларының аралығында жүк пойызының машинисі теміржолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуішті қолданды.

"Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 7 жылқыны қағып кетті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 38 минутты құрады", делінген хабарламада.

Тексеру барысында Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлерімен үй жануарларының иесі, елорданың 45 жастағы тұрғыны анықталды. 

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі (темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғ) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сурет: ҚР Көліктегі полиция департаменті

Дәл осындай факт 4 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Пресногорьковск-Бауманский аралығында да орын алды. Жүк пойызының машинісі жылқы үйірін байқап, шұғыл тежегішті қолданды. Үш бас жылқы жүк пойызының астына түсті. Темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін мал иесі Солтүстік-Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған 25 бас жылқы қораға қамалды.

Көлік полицейлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да ескертеді және теміржол маңында жануарларды жаю кезінде мұқият болуларын сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: