Жаңалықтар тізбегі
0

Әзірше жарамды емес: Қазақстанда петициялар 2024 жылы заңды болады

Әзірше жарамды емес: Қазақстанда петициялар 2024 жылы заңды болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2023 14:13 Сурет: pexels
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадіров сенат кулуарында журналистердің 150 мыңнан астам дауыс жинаған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы онлайн-петицияға қатысты сауалына жауап берді. Оның айтуынша, бұл петицияның күші жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол онлайн петицияларға қатысты заңнамалық түзетулер тек 2024 жылдың сәуірінде ғана күшіне енетінін түсіндірді.

"Қазір бұл заңмен реттелмеген және қарастырылмайды. Бірақ біз азаматтың әр дауысы өте маңызды екенін түсінуіміз керек. Адамның электронды E-otinish арқылы өтініш беруге құқығы бар. Ал 150 мың дауыс жинаған петицияның күші жоқ. Сәуір айында петициялар алаңы іске қосылады, сол кезде қазақстандықтар өздерінің заңды құқығын пайдалана алады".Данияр Қадіров

Осы уақытқа дейін қазақстандықтар петиция жасау құқығын пайдалана алмайды.

"Ал бұл заңмен реттелмейді. Заңға қазан айында ғана қол қойылды, алты айдан кейін күшіне енеді. Тек осы алты ай ғана емес, оған дейін де (өтініштер жарамсыз болды. - Ред.). Өйткені ол заңмен реттелмеген".Данияр Қадиров

Петиция бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргеннен кейін қарқын ала бастады. Осы оқиғадан Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін белсенді талқылау басталды.

Алайда 6 желтоқсан күні мәжіліс алаңында Әділет министрі Азамат Есқараев бұл өтінішті Әділет министрлігі әлі іске қосылмаған платформада құрылған жағдайда ғана қарайтынын атап өтті. Сол күні Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік органдар тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес саласында жұмыс жүргізген кезде өтініш ескерілетініне уәде берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: