Сенат ерікті дактилоскопия туралы заңды мақұлдады

Сенатор Евгений Больгерттің айтуынша, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының, "Astana Hub" халықаралық технопаркінің мәселелері және саусақ іздерін тіркеу" бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы бастамасын парламент депутаттары көтерді.
"Қарастырылып отырған заң Қазақстан азаматтарының дактилоскопиялық тіркеуін міндетті түрде тіркеу туралы нормаларды алып тастап, Қазақстан азаматтары үшін олардың келісімімен ғана ерікті түрде дактилоскопиялық тіркеуді енгізеді. Қазақстан азаматы үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу теңізшінің жеке куәлігін алу жағдайында ғана сақталады. 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін "Саусақ ізі және геномдық тіркеу туралы" ҚР Заңында белгіленген жағдайларда міндетті түрде дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі", - деді ол.
Заңға сай саусақ ізін тіркеуге қатысты ережелер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін алу үшін Қазақстан аумағындағы тіркеуші органдарға жеке хабарласу талабы енгізіліп жатыр. Бұрын олар мұны басқа тұлғаларға берілген сенімхат негізінде өздерінің нақты орналасқан жерінде жасай алатын.
Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.