Сенат Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заңды мақұлдады

Въезд в город Туркестан, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 13:26 Фото: primeminister.kz
Сенат депутаттары 2025 жылғы 13 ақпанда өткен пленарлық отырыста Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенатор Бауыржан Қаниев мәлімдегендей, заңның негізгі міндеттері – Түркістан қаласының тарихи-мәдени ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұра объектілерін басқарудың, тұтастығын сақтаудың тиімді жүйесін құру. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның қорғау аймақтарының аумағында археологиялық және ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жоспарлау және басқару, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, дамыту, жандандыру. Бұған қоса, мәдени мұра және ұлттық қолөнерді дамыту.

"Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау және оның айналасында кесененің күзет аймағының шекарасынан жүз метр қашықтықта құрылыс салуға жол бермеу мақсатында биіктігі жеті метрден асатын және ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен сыйыспайтын объектілер салуға жол берілмейді", – деді Бауыржан Қаниев.

Жалпы, жергілікті өкілге және атқарушы органдарға жоғарыда көрсетілген міндеттерге сәйкес 37 құзырет беру көзделеді.

Түркістан мәслихатына қала құрылысы регламенті мен дизайн-кодын, сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын және өңірлік рәміздерді пайдалану тәртібін бекіту бойынша құзыреттер беріледі.

Өз кезегінде Түркістан әкімдігі ұлттық қолөнер саласындағы шеберлердің шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтейтін болады. Бүгінгі таңда қалада 30-ға жуық қолөнерші жұмыс істейді. Аталған тұлғаларға шығындарды өтеуге Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша жылына шамамен 88,5 млн теңге қажет болады.

Түркістан облысының әкімдігіне Түркістан аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігі қозғалысының схемалары мен тәртібін келісу құзыреті беріледі.

Бұдан басқа, ілеспе заңда мүгедектігі бар адамдар мен халықтың аз қамтылған топтарын қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді көздейтін түзетулер енгізіледі. Жыл сайын Түркістанға 1 миллионнан астам турист келеді.

Жер кодексі шеңберінде Түркістан қаласының уәкілетті органдарына жер учаскелерінде Мемлекеттік әлеуметтік объектілерді салу кезеңіне уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу құзыретін беру бөлігінде түзетулер енгізіледі.

Бұған дейін Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына өткендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: