Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада пробация есебінде тұрғандардың мәселесін талқылаушы жұмыс кеңесі өтті

Астанада пробация есебінде тұрғандардың мәселесін талқылаушы жұмыс кеңесі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2023 18:29 Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Астанада пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың жаңа қылмыстар жасауының алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы бірлескен жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының, елордалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басшылығының, аудандық прокуратура, Қоғамдық қоры "ПРАВО" төрайымымен, сонымен қатар, пробация қызметінің бастықтарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барсында:

  • пробация қызметі есебіндегі сотталғандармен жасалатын қайта қылмыстың алдын алу, пробация қызметінің өзара іс-қимылын жақсарту бойынша одан әрі шаралар қабылдау бойынша полиция бөлімі және пробация қызметі бастықтармен бірлесіп атқарылған жұмыстарға талдау жүргізілді;
  • сондай-ақ осы бағытта алда атқарылуы қажет шаралар талқыланды;
  • сотталғандармен қоғамға қайта зиян келтірмеудің алдын-алу шаралары қарастырылды;
  • түзеу мекемесінен шыққан азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жетілдіре түсу қажеттілігі жеткізілді. Бұл шаралар қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен септігін тигізбек.

Айта кетерлік жайт, 2023 жылдың 12 айында аумақтық пробация қызметінің есебінен барлығы 6736 қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталғандар өтсе, 2807 сотталған қазіргі таңда есепте тұр.

Бірлескен жұмыс кеңесі, Астана, пробация қызметі, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2023 18:29

Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ бұл тұлғалардың қылмыс жасауының салдарын анықтап қарағанда, көбіне сотталғандардың әлеуметтік бағыттан алшақтауынан, яғни тұрмыстық проблемаларының дұрыс жолға қойылмағандығынан қайта қылмыс жасау орын алады. Қайта қылмысқа жол берген, түзу жолына түспей екі не одан да көп ескерту алған сотталғандар бас бостандығынан айыру орындарына жіберілетіні жеткізілді.

Мәселен, Астана қаласы аумақтық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанның сот тағайындаған міндеттерін орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылаудың тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айырумен ауыстырылатыны және жазасын өтеуі түзеу мекемесінде өтейтіндігі видео ролик арқылы тәуекел тобындағы тұрған сотталғандарға көрсетілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: