Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында педофил күдігіне ілінген ер адам тұратын ауыл тұрғындары дүрлікті

Педофил, Алматы облысы, Есік қаласы, Көктөбе ауылы, 8 жасар қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2023 23:02 Сурет: pxhere
Алматы облысында 8 жасар қызға азғындық жасап зорлады деп айыпталған 44 жастағы азаматқа қатысты сот шешімі шықты. Оған облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 20 жылға бас бостандағынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысындағы аса ауыр қылмысты қарайтын мамандандырылған соттың бұл іске қатысты алғашқы отырысы 27 қарашада басталған. Арызданушы тараптың айтуынша, ауыр қылмыс алты рет қаралып, барлық деректі тергеуші жинаған. Алайда соттың алғашқы отырысында күдікті өзін агрессивті ұстап, айыппен келіспеген екен, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Менің кішкентай сегіз жастағы қызыма зорлық жасаған. Бір мәрте емес. Дәлелденді. "Алматы" телеарнасы іс басталы қолдау білдіріп келді. Әр үйде осындай жағдай болуы мүмкін. Кішкентай балаға обал болмаса екен деймін", – деді зардап шегушінің әжесі.

Жеті ай бұрын 8 жастағы қызды азғындықпен зорлады деп айыпталған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Алматы облысының кылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ал қылмыскер деп танылған азаматтың жерлестері оның ауылдан көшкенін талап етіп отыр!

"Иә, сотқа шақырылдым. Талдықорғандағы облыстық сотқа да бардым. Бәрін айттым. Оның үйінің қасынан күніне мың оқушы өтеді. Немереміз өсіп келе жатыр. Азғындықты естіп, шошып қалдық", – деді арызданушының көршісі Зәуре Әбдіғаниева.

Айта кетейік, биыл 17 мамырда Есік қаласының Көктөбе аулында қыз зорлады деген айыппен сол ауылдың тұрғыны қамауға алынған. Қазір сот үкімі толық күшіне енген жоқ. Себебі сотталушы тарап істі 15 күннің ішінде қайта қарауға арыз беруге құқылы екен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: