Астанада жүк көлігі, автобус және Toyota Prado өзара жолға таласып, бір адам мерт болды
Сурет: Zakon.kz
2024 жылы 22 ақпанында Астанада жүк көлігі, автобус және жол талғамайтын көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жазатайым оқиға Мұхамедханов – Омаров көшелерінің қиылысында болды.
"Жүк көлігі, маршруттық автобус және Toyota Prado жол талғамайтын көліктің қатысуымен болған жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ, ведомство оқиға орнында елордалық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын нақтылады.
Жаппай жол апаты кезінде трагедия орын алды. Оқиға орнында жаяу жүргінші жан тапсырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
