Астанада Бишімбаевқа қатысты сот тыңдалымы жалғасып жатыр

Қуандық Бишімбаев, Астана, сот тыңдалымы , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2024 17:58 Сурет: Zakon.kz
12 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өз жалғастығын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экс-шенді әйелі Салтанат Нүкенованы айырықша қатыгездікпен өлтірді, сондай-ақ жүйелі түрде ұрып-соғып, физикалық және психикалық азапқа салған деген айып тағылды.

Сурет: Астана соты

Сондай-ақ, Бишімбаевпен қатар оның немере ағасы Бақытжан Байжанов та сотқа тартылған. Оған ҚР ҚК-нің 432-бабы, "Аса ауыр қылмысты жасыру", ҚР ҚК-нің 434-бабы, "Белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламау" айыптары тағылады.

Сурет: Астана соты

Айта кетсек, 11 наурызда бірінші сот процесі өтті, онда мемлекеттік айыптаушы осы іс бойынша тергеу нұсқасын жариялады. Айыптау актісіне сәйкес, кісі өлімі болған күні (2023 жылы 8 қараша) Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова елордадағы концерттердің біріне барған. Сол арада олардың арасында жанжал болады. Өзара түсінбеушілікке қарамастан, олар одан әрі бірге мейрамханаға барып, ұрыс-керіс жалғастығын табады. Ақырында Салтанат Нүкенова мерт болады.

Сурет: Астана соты

Айыпталушы мен оның адвокаттары да өз ұстанымдарын білдірді. Бишімбаев кінәсін мойындамайды және өзін алқабилер соттағанын қалайды. Ал адвокаттар айыптау бабын қайта қарауды талап етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: