Бишімбаев ісіне қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Сурет: gov.kz
Бас прокуратура еліміздің медиа алаңында Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне күмән келтіретін материалдардың жариялануына байланысты алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Медиа-кеңістікте Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне күмән келтіретін материалдар жариялануда. Мұндай мәліметтерді тарату оның нақты іс бойынша объективті және әділ сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында сотқа әсер ету нысаны ретінде бағалануы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 407-бабына сәйкес соттың қызметіне араласуға жол берілмейді және ондай әрекет үшін жазаланады". ҚР Бас прокуратурасы
Сондай-ақ көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны да ескертіледі.
"Осыған байланысты Бас прокуратура барлық азаматтар мен БАҚ-тарды заңдылықты сақтауға шақырады, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудан және соттың қызметiне қандай да болмасын түрде араласпауды ескертеді", делінген хабарламада.
Айта кетсек, Айта кетсек, 11 наурызда бірінші сот процесі өтті. 12 наурызда сот тыңдалымы өз жалғастығын тапты. Оның қорытындысы бойынша алда Бишімбаевтың ісін алқабилер қарайтын болды. Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша негізгі сот талқысы 27 наурызға белгіленді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript