Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысының прокурорлары ветеринария саласындағы өрескел бұзушылықтарды анықтады

Мал, Жамбыл облысы, ветеринария саласындағы өрескел бұзушылықтар , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 18:45 Сурет: primeminister.kz
Жамбыл облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу, қауіпті аурулар ошақтарының алдын алу мен жою және вакцинациялаудың бақылаусыз болу мәселелерінде жүйелі бұзушылықтар барын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, соңғы үш жылда облыста эпизоотиялық жағдайды жақсартуға 6,8 млрд теңге бөлінгеніне қарамастан, сібір жарасы жағдайы қанағаттанарлықсыз болып қалуда.

"Вакцинацияланған жануарлар мен нақты мал басы туралы мәліметтердің сәйкес келмеу фактілері барлық жерде анықталды. Одан бөлек Шу, Байзақ және Талас аудандарында ауру салдарынан сойылғандары туралы деректер енгізілгеннен кейін жануарлар етін сату фактілері айқындалды". Жамбыл облысының прокуратруасы


Сондай-ақ 1400-ден астам ауыл шаруашылығы жануарлардың өлгені туралы мәлімет болғанымен, меншік иелері бұл туралы ветеринариялық инспекцияны хабардар етпеген, тиісінше жануарлардың өлімінің себептері анықталмаған.

Тексеру жануарлардың жаппай сырқаттану фактілері бойынша карантиндік режимді енгізу бойынша шараларды қабылдамау фактілерін де анықтады.

Жуалы ауданында 500 бас лейкозбен жаппай сырқаттану фактісі орын алса да карантиндік шаралар енгізілмеген.

Мал етін тасымалдауда, мал шаруашылығы өнімдерін сою және қайта өңдеу цехтарының қызметіне анықтама беру кезінде көптеген бұзушылықтар ашылды.

Атап айтқанда, Тараз қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын стихиялық саудамен және союмен ұзақ уақыт айналысатын екі цех анықталды, олар уәкілетті органдардың назарынан тыс қалған.

Күнделікті халық сауда жасайтын Тараз қаласының үш ірі азық-түлік базарында қой еті мен сүт өнімдеріне міндетті зертханалық зерттеулер жүргізбеу фактілері анықталды.

Барлық бұзушылықтар бойынша кінәлі лауазымды адамдардың әкімшілік және тәртіптік жауапкершілігі шешілді, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қадағалау актісі енгізілді.                                    

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: