Прокуратура Алматыдағы автобус парктерінен өрескел бұзушылықтарды анықтады

Автобус, Алматы, прокуратура, автобус парктері, өрескел бұзушылықтар , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 19:27 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасы бірқатар автобус парктері тарапынан заңнама талаптарының өрескел бұзылғандығын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 18 ақпанда Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.

Тексеру барысында "D" санатындағы жүргізуші куәлігі жоқ, көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған, сондай-ақ медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамдардың жолаушылар көлігін жүргізу фактілеріне жол берілгені анықталды.

Анықталған фактілер бойынша 15 автобус паркіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғалар заңда көзделген жауаптылыққа тартылды.

Еңбек шарты бұзылған 34 жүргізуші, жолаушылар көлігін басқарудан шеттетілді. Тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа 4 лауазымды тұлға тартылды.

Наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған адамдардың жүргізуші куәліктерін сот тәртібімен жарамсыз деп тану мәселесі пысықталуда.

Сонымен қатар жүргізушілерді бақылау тетіктерін күшейту жөнінде, оның ішінде цифрлық мониторинг жүйесін енгізу арқылы шаралар қабылдануда.

Анықталған бұзушылықтар жолаушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіргенін ескере отырып, прокуратура профилактикалық іс-шаралар жүргізуді және жүйелі шаралар қабылдауды жалғастыруда.

Бұған дейін Алматыда бірден 19 автобус қозғалыс сызбасын өзгертетіні хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: