Жаңалықтар тізбегі
0

Браконьерлермен күрес: Жайық-Каспий бассейні аумағында "Бекіре" акциясы өткізіліп жатыр

Бекіре акциясы, Жайық-Каспий бассейні, браконьерлермен күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 19:26 Сурет: polisia.kz
Ауылшаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің, ІІМ және ҰҚК шекара қызметінің қатысуымен Жайық-Каспий бассейні аумағында "Бекіре" акциясы өткізіліп жатыр. Мақсаты - браконьерлік және балық өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтап, жолын кесу, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараға Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары полиция департаменттері мен батыс өңірлік көлік полициясының 300-ге жуық қызметкері және 28 техникасы, оның ішінде бес жүзу құралы, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды.

"10 күн ішінде 72 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 10 заңсыз өндіру фактісі, екі сатып алу немесе өткізу факісі, бір балық және балық өнімдерін тасымалдау фактісі бар. 12 қылмыстық іс қозғалды. 60 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, екі млн теңгеден астам сомаға айыппұл өндірілді", – деді ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Төлеубай Мұхамадиев.

Сондай-ақ құқық бұзушылардан 1,5 тоннаға жуық балық, оның ішінде 48 келі бекіре балығы және 3,5 келі уылдырық тәркіленді.

"Мысалы, Ақтауда автокөлік тоқтатылып, салоннан екі пластик шелекте тиісті құжаттары жоқ, салмағы бір килограмм бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы табылды. Одан бөлек, Каспий теңізінің жағасында моторлы қайықтан тоғыз дана көксерке балығы және екі дана бекіре балығы табылып, тәркіленді. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда", - деді аға инспектор.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: