Елордалық тергеу изоляторында медициналық қызметті жақсарту жөнінде бағдарлама ұсынылды
Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Білікті мамандар елордалық тергеу изоляторында медициналық қызметті жақсарту жөніндегі бағдарламаларды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Елордадағы № 64 мекемедегі жазасын өтеп жатқан тұлғаларға көрсетіліп жатқан медициналық қызметке қатысты туындаған сұрақтарды Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің басшылығы Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе талқылап, оның шешу жолдарын қарастырды.
Мәселен, №3, 64 мекемелерде жазасын өтеп жүрген ауыр сырқаттанушылардан зардап шегетін арнайы контингенттің медициналық қызмет алуы бойынша оң шешімдер қабылданды.
"Осы мәселені зерделеу барысында бірқатар даулы мәселелер және бірыңғай тәсіл бөлігінде медициналық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі жағдайлар туындады. Нәтижесінде білікті мамандар елордалық тергеу изоляторында медициналық қызметті жақсарту жөніндегі бағдарламаларды ұсынды", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript